
Түлектер қауымдастығы эндаумент қоры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қор туралы:
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ Түлектер қауымдастығы (Эндауменд қоры)
Білім беру, ғылыми, мәдениет, спорттық және қайырымдылық ортаны дамытуға және жәрдемдесуге бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып, Қор университеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің артуына және жалпы өз университетінің дамуына өз үлесін қосқысы келетін іскер, шығармашылық, риясыз түлектермен ынтымақтасады.
Түлектер қауымдастығы
Эндауменд қорының мақсаты:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті түлектер буынының ынтымақтастығын күшейту және университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату;
Университетте жан-жақты әлеуметтік-экономикалық қолдауды ұйымдастыру және оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Қор мүшелерінің зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін біріктіру;
Барша ҚазҰПУ түлектер буынының ынтымақтастығын күшейту және түлектер бірлігі, олардың өзін-өзі танытуы мен әлеуметтік дамуына ықпал ету;
Отандық білім берудің флагманы ретінде өркендету және жоғары оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жас дарындарды қолдауға, адалдық, құрмет, ашықтық, жауапкершілік және сенім қағидаттарына негізделген елдің ғылыми және мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған ахуал мен жағдайлар жасау;
Білім беру, ғылыми, мәдениет, спорттық және қайырымдылық ортаны дамытуға және жәрдемдесуге бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып, Қор университеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің артуына және жалпы өз университетінің дамуына өз үлесін қосқысы келетін іскер, шығармашылық, риясыз түлектермен ынтымақтасады.
Қордың жетістіктері
Өз қызметін атқара отырып, қор келесі жетістіктерге жетті
Миссия
Түлектер қауымдастығы эндаумент қорын
не үшін қолдау керек?
Университеттің түлектері мен достары өздері оқыған оқу орнына көмектесіп, үлкен өмірге бастау алғандары үшін, білім беріп, дағдыларды үйреткені үшін университетке алғыс білдіріп тұрады. Қызықты зерттеулерге демеушілік көрсетуге немесе болашақ ұрпаққа мұра қалдыру жөнінде шешім қабылдағандар да аз емес. Ғылым мен білімнің адам игілігіне жұмыс істеуі үшін, ҚазҰПУ ғалымдары мен студенттері күн сайын жаңа идеялар жасап, техниканы жетілдіріріп отырады. Сіздердің қолдауларыңыз – біздің тығыз байланысымыздың және өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастың кепілі болып табылады.

Университеттің болашағы үшін салымдар
Эндаумент қорын толықтыру – университетке көптеген мүмкіндіктер беретін негізгі тірегі болып саналады.

Университет кампусын жаңарту
Университет кампусын жөндеуге бағытталған мақсатты қайырымдылық шаралары Абай Университетінде білім алу үшін жайлы орта қалыптастыруға және ғылыми зерттеулердің жемісті болуына қажетті инфрақұрылым жасауға мүмкіндік береді.

Инновациялық жобаларды қаржыландыру
Егер сіз нақты зерттеулерге қызығушылық танытсаңыз, инновацияның сіз таңдаған бағыт бойынша дамуына ықпал ете аласыз.

Дарынды студенттерге көмек
Мақсатты грант бөліңіз де, сіздің компанияңызға қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауды университетке тапсырыңыз.

Стартаптар мен жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыру
Кәсіпкерлердің жаңа ұрпағына назар салып, оларға қанатты кеңірек жаюға көмектесіңіз.

Тұрақты даму
Сіздің қолдауыңыз ҚазҰПУ Университетіне ең өзекті жаһандық мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектеседі.
Біздің түлектер

Бейсембаев Ғани Бектайұлы
ҚР Оқу-ағарту министрі
Бейсембаев Ғани Бектайұлы 1969 жылы 3 маусымда Қызылорда облысында дүниеге келген. Ғани Бектайұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған

Балаева Аида Ғалымқызы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Балаева Аида Ғалымқызы 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Аида Ғалымқызы 2000 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

Нысанбаев Ерлан Нұрәліұлы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Нысанбаев Ерлан Нұрәліұлы 1961 жылы 11 тамызда, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Подгорное ауылында дүниеге келген.
Ерлан Нұрәліұлы 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қаржыгер» мамандығы бойынша білім алған.
Галерея





Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.

АБАЙ
Байланыс
Телефон
+7 705 283 1242
Адрес
Қазыбек би