
Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерімен
ынтымақтасу шарттары:
Университет тарапынан:
- «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің үздік түлектері» кітабын басып шығару;
- ҚазҰПУ түлектерінің жыл сайынғы тізімдемесін басып шығару және оны жұмыс берушілерге тарату;
- «Біздің элита?» түлектер тақтасын жасап, университет қабырғасына ілу;
- «Біздің түлектер» галереясын университет мұражайына жасау;
- Сіздің жетістіктеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен қызметіңіз туралы университет сайтында арнайы бөлім ашып, автобиография мен мақалалар жариялап отыру;
- «Үздік түлек» ҚазҰПУ төсбелгісімен марапатталу құқығы;
- «Меценат» ҚазҰПУ төсбелгісімен марапатталу құқығы;
- «ҚазҰПУ құрметті түлегі» атағын беру;
- «Кәсіби шеберлік бойынша ашық дәріс беру»;
- «Вакансиялар (бос орын) жәрмеңкесі»;
- ҚазҰПУ ғалымдарының ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігі;
- Әр түрлі шаралар өткізуге ақысыз сцена ұсыну;
- Сіздің іс-шаралар дайындап өткізген кезіңіздегі ҚазҰПУ студенттерінің волонтерлік қызметінің қолғабысы;
Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері тарапынан:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің артықшылығын насихаттау;
- Университетке материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (демеушілік қолдау, Түлектер қауымдастығы Эндауменд қорына қатысу);
- Түлектерді жұмысқа орналастыруға атсалысу;
- Студенттердің кәсіби іспен шұғылдану базасын кеңейтуде көмек көрсету;
- Студенттердің өндірістік тәжиребе базаларын кеңейтуге көмек беру;
- Университеттің әр түрлі іс-шараларына қатысу (ашық есік күндері, «Наурыз» мерекесі, Түлектер күні және т.б.).


